«Ауғанда от кешкен батырлар»

Категория: Новости
Дата: 20.02.2019
Просмотры: 385 Печать страницы
«Ауғанда от кешкен батырлар»

2019 жылдың 20-ақпаны күні, Батыр бабалар меориалды кешенінің қызметкерлері, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, «Ауғанда от кешкен батырлар» атты мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараға, Қарасай ауданы, Қырғауылы ауылындағы, Ушинский орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, Ауған соғысы ардагерлерінің «Аманат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мулинов Бақытжан бастаған Райымбек ауылдық округінде тұратын ардагерлер – Толыбай Бекарыс, Смаков Мақат, Жұмағұлов Дінәсіл, Рабатов Жетесбек сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, Аршагүл Серікқызы Тойбай арнайы келіп қатысты. Шара барысында, ардагерлер – Ауған соғысы барысындағы бастан кешкен қилы кезеңдерінен өз естеліктерін айтса, мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өнер көрсетті. Шара соңында, «Аманат» ұйымының төрағасы Бақытжан Мулинов музей қызметкері Орынбасар Әлімге осындай игі іс-шараларды ұйымдастырып жүргенін ескеріп, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медальімен марапаттап, өзінің алғысын білдірді.