«Тұғыры биік нар тұлға»

Категория: Новости
Дата: 21.02.2019
Просмотры: 400 Печать страницы
«Тұғыры биік нар тұлға»

         Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2019 жылдың 20 ақпан күні Н. Алдабергенов мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік нар тұлға» атты жылжымалы көрмесі Көксу ауданы Балпық би ауылы Н. Алдабергенов атындағы орта  мектебінде безендірілді. «ХХ ғасырдың корифейі» атанған Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергеновтың ұлағатты өмірі мен ерлікке толы еңбек жолы бүгінгі ұрпақты тамсандырмай қоймасы анық.       Н. Алдабергеновтың өзі тұтынған жеке заттары, фотосуреттері мен төлқұжаттары сынды құнды жәдігерлерден тұратын көрмені Еңбек ерінің есімі берілген мектептің ұжымы мен оқушылары жоғары қызығушылықпен тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.