"Қазақтың ұлттық баскиімдері"

Категория: Новости
Дата: 25.07.2018
Просмотры: 506 Печать страницы

Ұлттық киім – бай тарихи – мәдени мұра , оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет – ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы.
Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі.
Адам баласы қай заманда да баскиімге ерекше көңіл бөліп, аса құрметпен қараған. Баскиімді жерге тастамайтын, кісіге баскиімін бермейтін ырым – тыйымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан.
Ертеде екі тайпа ел жауласып өзара бітімге келе алмай жағдай қиындағанда ақ жаулықты аналарымыз араша түсіп, кимешектің үстіндегі жаулығын басынан сыпырып алып екі араға тастағанда киелі баскиімнен ешкім аттап өте алмаған.
Олай болса ұлттық құндылықтарымызды ұлықтағанымыз абзал. 
Осы мақсатта І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Қазақтың ұлттық баскиімдері" атты тақырыпта көрме өтті. Көрме барысында тымақ, бөрік, тақия, сәукеле, кимешек, жаулық сияқты т.б. ұлттық баскиімдер туралы көрермендерге жанжақты мағлұматтар берілді.
Көрменің жалпы мақсаты ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін таныстыру, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды насихаттау болып табылады.