«Ұлы даланың ежелгі қолөнері»

Категория: Новости
Дата: 25.02.2019
Просмотры: 457 Печать страницы
«Ұлы даланың ежелгі қолөнері»

2019 жылдың 22 ақпан күні Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» тақырыбында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау негізінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қапал ауылдық мәдениет үйінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты «Ұлы даланың ежелгі қолөнері» атты көрме құрды.
Көрменің мақсаты: қазақтың ұлттық колөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. Жас жеткіншектерді өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған колөнерін құрметтеуге, дәріптеу білуге тәрбиелеу.
Ақсу ауданынан арнайы келген комиссия өкілдері мәдениет қызметкерлерінің жасаған жұмыстарын бағалап, соның ішінде музей қызметкерлерінің құрған көрмелеріне үлкен баға беріп, мақтап кетті. Көрмені ауылдың жас өспірімдері мен ауыл тұрғындары тамашалады.