«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Категория: Новости
Дата: 26.02.2019
Просмотры: 416 Печать страницы
«Алтын адам – ғасыр тарихы»


Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи - өлкетану музей қызметкерлері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Алтын адам – ғасыр тарихы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы  - Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді. Өз өлкесінің тарихын танып білуге сондай ақ, колледжде инклюзивті оқыту жүйесі арқылы білім алып отырған № 201 ортопед, массажист, стоматология тобының студенттеріне арнайы сурдо аудармашылары арқылы тегін экскурсия жүргізілді. Экскурсияны студенттер өте қызығып, әрі зейінмен тыңдап, бүгінгі саяхат үшін ризашылығын білдірді.