«Ілияс өмірінің соңы»

Категория: Новости
Дата: 26.02.2019
Просмотры: 380 Печать страницы
«Ілияс өмірінің соңы»

Бүгін 26 ақпан күні ақын, жазушы, драматург,Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің қайтыс болған күніне орай «Ілияс өмірінің соңы»атты дәстүрлі еске алу кеші Талдықорған қаласындағы ақынның әдеби музейінде өтті.Сұм саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазаланған жазушы ЖансүгіровІлиястың шығармашылығы мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ілиястанушы профессорлары, Алматы облысының Дін істері басқармасы және М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы,қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері,  қаламыздағы № 2, 15 орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Шара басталмас бұрын ақын рухына арнап құран оқылып, дұға бағышталды.Жетісу мемлекеттікуниверситетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкеріС.Қожағұлов баяндама жасап,Ілияс Жансүгіровтің бірнеше өлеңдеріне ән жазған композитор М.Керейбаев  пен «Әжелер» ансамблінің әншісі Ш.Әбілдаева қатысушы жастарға  «Ағынды менің Ақсуым» әнін шырқап берді.

№15 орта мектептің оқушылары Ілияс Жансүгіровтің өмірінің соңғы сәттерін бейнелейтін «Ілияс» драмалық спектаклінен үзінді көрсетіп,көпшілік олардың актерлік шеберліктерінетәнті болды. Кеш барысында ақынның шығармаларынан үзінділер тыңдалып, арнаулар оқылды. «Ілияс тағылымы» атты кітап көрмесі таныстырылып, №2орта мектептің оқушылары музей залдары бойынша ақынның өлеңдерінен өрілген экскурсия жүргізді.