«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Категория: Новости
Дата: 27.02.2019
Просмотры: 665 Печать страницы
«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп – лицейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік символы –Алтын адам» атты шараға арнайы «Алтын адам – ғасыр тарихы» тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам" жайлы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылып, аталмыш шараға 6 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар баға жетпес мұраның тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Сондай ақ, шарада ән айтылып, күй шертіліп, Алтын адам жайында жазылған М.Мақатаевтың өлең жолдары оқылды. Шараны қорытындылау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, Алтын адам туралы қанатты сөз құрастыру ойынымен өз мәресіне жетті.