Үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл толуына орай мектеп оқушыларына арнайы дәріс оқылды. Мақсаты: жасұрпаққа адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны жайлы, оның зардаптары және Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында баяндалды. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы рөлі туралы мағлұматтар берілді.