«Поэзия патшайымы»

Категория: Новости
Дата: 01.03.2019
Просмотры: 429 Печать страницы
«Поэзия патшайымы»

2019 жылдың 28 ақпан күні Ақын Сараның мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Қазақтың ақын қыздары - дара туған» атты жобасы аясында Тұрсынхан Әбдірахманова мен Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы» атты әдеби кеш өтті. Аталған шараға Е.Жайсаңбаев пен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Фото, бейнематериалдардың негізінде қос ақынның өмір жолы мен шығармашылығына мағлұмат беріліп, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының орындауында ақындардың өлеңдері мен арнаулар оқылды. Әдеби кеш соңында ауылымыздың өнерпаз азаматы Досжанов Болат Мұқағали Мақатаевтың «Фариза жаным» өлеңін паш етті. Экскурсия жүргізуші оқушыларға музей экспозициясымен таныстырып өтті.