Наурыз айының 1-ші жұлдызында Алғыс айту күніне орай Сарқан ауданының тарихи музейінде "Ашық есік" күні акциясы ұйымдастырылды. Шараға Сарқан ауданынан ауған соғысының ардагерлері мен Черкасск орта мектебінің мұғалімдері келіп, өлке тарихымен және Сарқан ауданынан шыққан ұлы тұлғаларымен, Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, ұсыныс кітабына жылы лебіздерін білдірді..