«Өлеңге тағзым»

Категория: Новости
Дата: 03.03.2019
Просмотры: 341 Печать страницы
«Өлеңге тағзым»

Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні 1 наурыз - Алғыс айту күні.Қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін осы айтулы мерекеге орай бүгін Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Зайда Елғондинованың «Өлеңге тағзым» атты поэзиялық кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырылған қонақтар: ақындар мен жазушылар қатысты. Шара барысында қасиетті өлең-жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақынның шығармалары тыңдалып, кеш қонақтарына алғыс хаттар табыс етілді.