"Тіл - ұлттың жаны"

Категория: Новости
Дата: 02.08.2018
Просмотры: 417 Печать страницы

Тамыз айының 2-сі күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагеріндегі балаларға "Тіл - ұлттың жаны" атты лекция оқылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен тарихы жайлы айтылып, қадір-қасиеті туралы түсіндірілді. Тарихтан тіл туралы мысалдар келтіріліп, ұлы ғұлама, ғалымдардың қазақ тілі жайында қалдырған сөздері оқылды.  Лекция соңында балалармен кері байланыс жүргізіліп, ойға түйгендерін қысқаша айтып берді.