"Алтын адам -ғасыр тарихы"

Категория: Новости
Дата: 03.03.2019
Просмотры: 550 Печать страницы

Үстіміздегі жылдың 2 наурыз күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде тарих, құқық жəне өзін-өзі тану бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанатына арнайы "Алтын адам -ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге 7,8,10 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Көрменің    өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін берері  мол болды. Білімгерлер Алтын адамның аңызы мен ақиқаты жайында қызықты  мәліметтер алып, өз өлкесінің тарихи құндылықтарына деген қызығушылықтары артты. Сондай ақ, шара барысында "Мен қазақпын" атты патриоттық əн айтылып, құнды жəдігер туралы өлең жолдары  оқылып, "Адай"күйі шертілді. Шара соңында "Біздің мақтанышымыз" тақырыбында викториналық сұрақ жауап ойыны ұйымдастырылып, қанатты сөздер құрастырылды.