«Ұлы дала мұрасы»

Категория: Новости
Дата: 03.03.2019
Просмотры: 427 Печать страницы
«Ұлы дала мұрасы»

 

Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Анаға құрмет» музейінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Қарасай еліне ерекше ықылас білдіріп, этно-дизайнер,  Президенттің алтын сапа сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері ел ордамыз Астанадан келіп отырған - Ырза Тұрсынзада ханым «Ұлы дала мұрасы» көрмесі мен шеберлік сабақтарын бастады. Шеберлік сабақтары 1-5 наурыз аралығында Қарасай ауданының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға арнап, тегін 70 қыз-келіншектерге шеберлік сабақтарын өткізетін болады. Бүгінгі шараға музейдің негізін қалаушы ғалым, Абылайхан атындағы әлем тілдер университетінің профессоры Бақыт Жатқамбайқызы және барша Жатқамбаевтар әулеті қатысты. Іс – шарада елімізге танымал өнерпаздар және ақындар жырдан шашу шашты. Олардың қатарында: Белгілі қаражорға биін қазақ еліне таныстырушы Тосын Арыстанұлы, күйші Таухидин Заман, әнші Жадыра Арыстанбекова, айтыскер ақын Ербол Жауынбаев және Қырғауылды атындағы қазақ орта мектебінің бишілері қатысты. Қонақтарға  «Анаға құрмет» музей қызметкерлері 150 адамға  наурыз көже таратып, Қарасай ауданында рекордтық дәрежеге жетті. Іс – шара әлі жалғасын табады.