"Ақынға тағзым"

Категория: Новости
Дата: 05.03.2019
Просмотры: 476 Печать страницы

2019 жылдың 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай І.Жансүгіровтің əдеби музейі мен Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыр Құлагері Ілияс ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында "Ақынға тағзым" атты поэзиялық кеш өтті.

 І.Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған шара ақынның музейінде жалғасып тапты. Құран оқылып, Ілияс  рухына арнап дұға бағышталды. Аталған кешке халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Зайда Елғондинова бастаған бір топ әдебиет айдынында қалам тербеген облысымыздың ақын-жазушылары, әншілері және мектеп оқушылары қатысты.

Арнайы келген қонақтарға Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының актерлары Ілияс Жансүгіровтің балалық шағын бейнелейтін «Ілияс» спектаклінен қойылым қойды. Ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылып, ізбасарлары арнауларын арнады. Соңынан, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.