«Ана – өмірдің шуағы»

Категория: Новости
Дата: 07.03.2019
Просмотры: 381 Печать страницы
«Ана – өмірдің шуағы»

 

           2019 жылдың 6 наурыз күні Халықаралық аналар мерекесіне орай  Алдабергенов мемориалды музейінде «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Шараға көп балалы батыр аналар мен ауыл тұрғындары арнайы шақырылды. Шара барысында аяулы аналарға арналған өлең жолдары оқылып, әсем ән орындалды.   Сонымен қатар «Ақ жаулықты батыр аналар» атты ауылдың ардақты аналарының төсалқалары мен қолынан шыққан бұйымдары сынды жәдігерлерден тұратын көрме безендірілді.  Салтанатты шараның соңында келген қонақтарға музей қызметкерлері сыйлықтар табыс етіп, естелікке суретке түсті.