"Ана – жүрек, ана - тірек"

Категория: Новости
Дата: 07.03.2019
Просмотры: 336 Печать страницы

Көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,  8 –наурыз мерекесі де келіп жетті.
Осы мейрамға орай 2019 жылдың 6 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  «Ана – жүрек, ана - тірек» атты мерекелік  шара өткізді. Мақсаты:  Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар аналарына   ән салып, би  билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.  Арасында ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойылды.