«Туған елінің тұнық әуені»

Категория: Новости
Дата: 12.03.2019
Просмотры: 289 Печать страницы
«Туған елінің тұнық әуені»

11 наурыз күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінде қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық композиторларымыздың бірі, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың туғанына 106 жыл толуына орай М.Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері «Туған елінің тұнық әуені» атты тақырыпта көрме ұйымдастырды. Көрмеге композитордың жазған шығармалары және фотосуреттері қойылып, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Келген жұртшылық музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты.