"Бүтін ұлттың тарихын бір бойына сіңірген - Фатима"

Категория: Новости
Дата: 03.08.2018
Просмотры: 450 Печать страницы

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан балаларға, қазақ халқына белгілі ағартушы, әдебиетші Фатима Ғабитованың 115 жыл толуына орай "Бүтін ұлттың тарихын бір бойына сіңірген - Фатима" атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Қазақтың үш бірдей алаш зиялыларының музасы болған Фатима Ғабитованың өмір жолы, тарихы мен естеліктерінен  мағлұмат берілді. Фатима апамыздың оқу-ағарту ісіндегі қазақ халқына қосқан үлесі жайында деректер берілді. 
Экскурсия соңында балалар өз ойларымен бөлісті. Фатима Ғабитова жайлы мағлұматтар алып, өмірімен танысқан оқушылар алғыстарын білдіріп, рухани білім алып қайтты.