«Көрісу мерекесі»

Категория: Новости
Дата: 14.03.2019
Просмотры: 396 Печать страницы
«Көрісу мерекесі»

14 наурыз-Көрісу мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған əрбір отбасы əр түрлі дəмге толған дастарханын жайып қояды. Көрісуге келгендер бір-біріне "Бір жасқа есейуіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!" деген ақ тілектерін білдіреді. Əр отбасы көршілерімен көріседі.
Көрісу мерекесіне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мен Ақсу ауылдық клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көрісу мерекесі» атты іс-шара өтті.Шара жас ұрпаққа Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дəстүрін көрсету жəне оны құрметтей білуге тəрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.