"Қазақтың келіндері-ай"

Категория: Новости
Дата: 15.03.2019
Просмотры: 494 Печать страницы

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, 2019 жылдың 14 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы мен Қапал ауылының өнерпаз азаматы Болат Досжановтың ұйымдастыруымен "Қазақтың келіндері-ай" атты келіндер сайысы өтті. Аталған іс-шара Қапал ауылдық мәдениет үйінде, рухани-мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа көнемізді жаңғырту мақсатында өткізілді. Отыз жасқа дейінгі аймақтан жиналған жас келіндер қатысып, бес кезеңнен тұратын: таныстыру, қолөнер, ас мәзірін дайындау, сұрақ-жауап, өнер додасы сайыстарында сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Келіндер сайысын ауыл тұрғындары, қонақтар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары тамашалады. Қызықты, әрі тартысты өткен бұл шараның қатысушысы, Ғ.Орманов мектебінің мұғалімі Жақия Жайнаргүл бас жүлде иегері атанды. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды.