2019 жылдың 15 наурызында Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінің қызметкерлері композитор М.Төлебаевтың 106 жылдығына орай Лепсі ауылының №54 орта мектебінің оқушыларына «Мұқан аға қалдырған мұра» атты лекция оқыды. Лекцияда КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың ұлттық өнерге сіңірген орасан зор еңбегі мен келер ұрпаққа үлгі болар өнер жолы туралы айтылды.