«Даңқты батыр – Өтеген»

Категория: Новости
Дата: 20.03.2019
Просмотры: 567 Печать страницы
«Даңқты батыр – Өтеген»

2019 жылдың 19-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, XVIII ғғ. Қазақ-Жоңғар қақтысы барысындағы жауынгер батырлардың бірі – Өтеғұлұлы Өтеген  батырдың туғанына 320 жыл толуына орай, Қарасай ауданы, О.Жандосов атындағы орта мектебінің оқушыларына  «Даңқты батыр – Өтеген» атты тақырыпта дәріс оқыды.Дәріс барысында, Өтеген батырдың өмірі мен ерлігі жайында түсіндіріліп, батырлардың қару-жарағы мен қорғаныс құралдарынан тұратын артефактілерден көшпелі көрме ұйымдастырылды. Ал, мектеп оқушылары Ж. Жабаев шығармаларындағы «Өтеген батыр» дастанынан үзінділер оқыды.