«Наурыз - бірліктің, татулықтың мерекесі!»

Категория: Новости
Дата: 20.03.2019
Просмотры: 365 Печать страницы
«Наурыз - бірліктің, татулықтың мерекесі!»

         19 наурыз күні І.Жансүгіровтің әдеби музейіне Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің  оқушыларыарнайы шақырылып,  «Наурыз - бірліктің, татулықтың мерекесі!»  атты  әдеби-сазды кеш өтті.  Мақсаты наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ұлттық дәстүрлермен таныстыру, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу, өнегелі, өнерлі азамат болуға тәрбиелеу.Шара барысында оқушыларға наурыз мейрамы жөнінде қызықты сұрақтар қойылып, қазақтың ұлттық  ойындары ойнатылып, әндер айтылды.«Наурыз-думан» атты қазақтың ұлттық бұйымдары мен кітап көрмесі қойылып, бейнефильмдер көрсетілді.