
19 наурыз күні М.Төлебаевтың мемориалды музейінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақы ұлттық киімдер көрмесі өтті. " Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі " атты шарада қыз-келіншектер мен ер адамдардың ХIХ-ХХ ғасырда киген көне киімдері көрсетілді. Көрмеге келген жұртшылық музей экспонаттарымен танысып, қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарасты.