«Жылдың басы - Әз Наурыз»

Категория: Новости
Дата: 22.03.2019
Просмотры: 428 Печать страницы
«Жылдың басы - Әз Наурыз»

2019 жылдың 20 наурызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Наурыз мейрамына орай «Жылдың басы -  Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ұйымдастырылған мерекеге Қапал ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, ауыл ақсақалдары мен әжелері қатысты. Мереге келген ата-аналар қазақтың салты «Бесікке бөлеу» рәсімін көрсетті. Ауылымыздың қариясы Қалибек Жәнібекұлы ақ бата-тілегін берді. Оқушылар қонақтарға Наурыз мерекелелік өлең шумақтарын арнап, ән айтты. Толқын Саяжан орындауында «Қос алқа» күйі тартылды. Оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары: қол күрес, асық ату, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен грамоталар берілді. Мереке дастархан басында жалғасын тауып, қонақтар наурыз көжеден дәм татты.