Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейіне саяхат.

Категория: Новости
Дата: 28.03.2019
Просмотры: 595 Печать страницы
Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейіне саяхат.
Ү.ж. 27-ші наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарихи-мәдени мұра» жобасы аясында,Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қаскелең қаласының мектептерінен жетім және жартылай жетім балаларын, көп балалы отбасы балаларын Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейіне апарып қайтты.
Сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы атанған, еліне қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы музей қызметкерлері кеңінен баяндап берді.
Бұл шараның мақсаты, балаларды Жамбыл Жабаев музейімен таныстыра отырып, ақынның шығармашылығы туралы түсінік беру, ата бабаларын, ұлттық өнер мен дәстүр-салттарымызды құрмет тұтуға тәрбиелеу.