"Құстар біздің досымыз"

Категория: Новости
Дата: 02.04.2019
Просмотры: 534 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 сәуір Құстар күніне орай "Құстар біздің досымыз" атты тақырыпта "Айжұлдыз" балабақшасында арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорындағы Ақсу ауданының табиғатында кездесетін құстардың тұлыптары қойылды. Көрме барысында балаларға құстар туралы көптеген мағлұматтар беретін видеороликтер көрсетіліп ойындар ойнатылды.