"Өнерін өнеге еткен"

Категория: Новости
Дата: 02.04.2019
Просмотры: 405 Печать страницы

1 сәуір күні қазақтың атақты күйшісі, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиев Атабайұлының туылған күніне орай,  Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Өнерін өнеге еткен" атты кеш ұйымдастырылды. Кешке Жамбыл ауылындағы өнер мектебі оқушылары мен Алматы қаласындағы "Әлқисса" домбыра студиясының шәкірттері қатысты. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық оркестрінің директоры,  халық қаһарманы Нұрғиса Дәулешов балаларға батасын берді. Қонақтар атынан осындай әсем әуенді кеш ұйымдастырған Жамбыл музейі қызметкерлері мен "Әлқисса" домбыра студиясының меңгерушісі Қанатбек мырзаға алғыс айтылды.