2019 жылдың 4 сәуір күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Таңбалы тас қорық-музейі қызметкерлері "Тарихы мол Таңбалы" атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музейге келушілерге көрме экспозициясы таныстырылып, экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, келушілерге өз гаджеттері арқылы Таңбалы музейіне виртуалды саяхат жасауға да мүмкіндік болды.