«Алаш арысы Мұхамеджан Тынышпаев»

Категория: Новости
Дата: 15.04.2019
Просмотры: 447 Печать страницы
«Алаш арысы Мұхамеджан Тынышпаев»

2019 жылы 12 мамыр айында Қоғам қайраткері, қазақтың тұнғыш инженері, «Алаш Орданың» мүшесі, ІІ Думаның депутаты, Қоқан автономиясының премьер министрі, «Түрксиб» темір жолының құрылысшысы М.Тынышпаевтың 140 жылдығы. Осыған орай 2019 жылы сәуірдің 12 күні М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұжымдары ұйымдастыруымен «Алаш арысы Мұхамеджан Тынышпаев» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы қоғамдық қордың басшысы, Б.Молдабеков, С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушіс Ж.Есимова, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Шәкірт Әбдікәрімов, «Шаңырақ» аймағының ардагерлерінің басшысы Нұрлан Айшымбаев, мектеп ұстаздары, оқушылары, қызметкерлер қатысты. С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының қорынан алынған қайраткердің жазған еңбектері, М.Тынышпаевтың халыққа сіңірген еңбегі, қоғамдық жұмысқа белсене араласуы, «Түрксиб» темир жолының құрылысына ат салысқан туралы кітаптардан көрме безендірілді. М.Тынышпаевтың қоғамдық - саяси өмірі туралы видео көрсетіліп, оқушылардың алған мәліметтерін бекіту мақсатында викторина ұйымдастырылды. Қонақтар М.Тынышпаев тұралы мағлумат беріп, келушілердің сурақтарына жауап берді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы пікірлерін айтты ..