"Қазыналы Қазақстан болашағы"

Категория: Новости
Дата: 15.04.2019
Просмотры: 421 Печать страницы

2019 жылдың 11 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  ескерткіштер күніне орай "Қазыналы Қазақстан болашағы" атты музей сағаты өтті. Аталған іс-шара Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 5,6,7 сынып оқушылары қатысты. Бейнероликтер мен слайд көрсетіліп, Республиканың көрікті жерлеріне сырттай саяхат жасалды. Қазақстанның көрікті жерлерімен бірге тарихи-мәдени орындар, қорымдар мен мемлекеттік қорықтар көрсетіліп, ол жерлер туралы аңыз-әңгімелер айтылды. Музей сағаты қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар да өз білгендерін ортаға салып, киелі орындар мен жерлер туралы аңыздар айтып, өз ойларымен бөлісті.