"Ғарыш əлеміне саяхат"

Категория: Новости
Дата: 15.04.2019
Просмотры: 459 Печать страницы

12 -сәуір Ғарышкерлер күніне орай, Шелек тарихи - өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Ғарыш əлеміне саяхат" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Шарада О.Жандосов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына слайд арқылы тәуелсіз еліміздің ғарышкерлері жайлы мағлұмат берілді. Мақсаты : оқушыларға ғарышкерлеріміздің батылдық ісін үлгі етуге, мақтан тұтуға, баулу арқылы, отансүйгіштікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларға слайд арқылы ғарыш əлеміне ұшқан қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет берілді. Шара соңында оқушыларға кітапхана қызметкері ғарышкер ағаларымыздың жасаған ерліктерін насихаттап, болашақта осы ағаларымыз сияқты еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрулеріне өз тілегін білдірді.