2019 жылдың 15 сәуір күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Ұлы даланың жеті қыры – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» атты тақырыпта жиын өткізілді. Жиынның басты мақсаты: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап, өзіндік ерекшеліктері мен еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген ірі жоба жөнінде өз пікірлерімізді білдіріп, жан-жақты талқылап, мақала төңірегінде пікір алысып, ой бөлісу. Тарихи сананы жаңғырту, ұлттық болмысымызды сақтау, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату, ұлт мақтаныштарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашу. Жиынға Аудандық ішкі саясат бөлімі, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, С.Серкебаев, Ө.Жаңабаев, №3 Кеген орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары, «Жетісу» телеарнасының тілшілері қатысты.
Пресс-центр
«Ұлы даланың жеті қыры – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық»
Категория: Новости | |
Дата: 15.04.2019 | |
Просмотры: 440 | Печать страницы |