"Асыл мұра"

Категория: Новости
Дата: 16.04.2019
Просмотры: 417 Печать страницы

2019 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 11-ші сынып оқушыларына "Біржан Сара" операның жазылғанына 75 жыл толуына орай "Асыл мұра" атты лекция оқыды. Оқушыларға  "Біржан Сара" операсын жазған атақты композитор М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы  таныстырылды. Сонымен қатар "Біржан Сара" операсына тоқтала отырып, ол адамзат мәдениетінің қазынасында алыстан көз тартып, дараланып тұратын асыл мұра болып қала беретіні түсіндірілді.