"Жетісудің Сарасы -бар қазақтың дарасы"

Категория: Новости
Дата: 18.04.2019
Просмотры: 351 Печать страницы

Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Сара Тастанбекқызының дарынды ақын, саналы суреткер, майталман сөз шебері, әдебиет айдынында ерекше орын алған ақын екендігін сонымен қатар артына қалдырған мұрасын, оның шығармашылығын насихаттау жұмысын  жалғастыруда. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жетісудің Сарасы -бар қазақтың дарасы" атты жылжымалы көрме 2019 жылы 17 сәуір күні Ақсу ауданы Матай ауылындағы  Матай орта мектебінде құрылды. Оқушыларға Сараның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттары таныстырылды. Оқушылар мен мектеп әкімшілігі көрмеден мол мағлумат алғандарын айтып, өздерінің алғыстарын білдірді.