18 сәуір күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел тарихы» атты іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: ауданымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау баршамыздың борышымыз екендігін түсіндіру. Шара барысында Райымбек батыр, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен ардагерлер мен еңбеккерлерге арналған және саяси қуғын-сүргін ескерткіштерінде болып, ескерткіштер тарихынан мағлұматтар берілді. Шараға ауылдық кітапхана және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сонымен қатар Кеген ауылының тұрғындары қатысты.