"Тарихи ескерткіштер сыр шертеді"

Категория: Новости
Дата: 18.04.2019
Просмотры: 505 Печать страницы

18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Жамбыл Жабаевтың  әдеби-мемориалды музейінде "Тарихи ескерткіштер сыр шертеді"  атты іс-шара өтті. Шараға Алматы қаласындағы радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Музей алдындағы Ж. Жабаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ескерткіштерді қорғау күні тарихы айтылып, музейдің конференция залында ауданның қасиетті орындары мен ескерткіштері жайында шағын кино көрсетілді.