«Ескерткіштер – тарих куәсі»

Категория: Новости
Дата: 19.04.2019
Просмотры: 425 Печать страницы
«Ескерткіштер – тарих куәсі»

     Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін  құнды жәдігерлері болып табылады. 18 сәуір Халықаралық  ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері «Ескерткіштер – тарих куәсі» атты  әңгіме өткізді. Шараның мақсаты  тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат бере отырып, мәдени құндылықтарымызды қорғау баршамыздың парызымыз екенін түсіндіру. Аталмыш шараға ауылдық округ әкімшілігі, мекеме ұжымдары мен М. Байысов  атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.