«Дала перзенті»

Категория: Новости
Дата: 24.04.2019
Просмотры: 364 Печать страницы
«Дала перзенті»

 

24 сәуір күні геолог, ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай, Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы  тарихи-өлкетану  музейінде «Дала перзенті» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға арнайы тақырыптық экспозиция құрылып, «Ұлт мақтанышы» атты деректі фильм көрсетілді.Музей қызметкерлері №2 орта мектептің оқушыларына КРСО  ҒА академигі, геология –минерология ғылымдарының докторы,  Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы,  әрі тұңғыш президенті - Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен  атқарған ерен еңбегі туралы толық мәлімет берді.