«Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларын ұмытпайды»

Категория: Новости
Дата: 24.04.2019
Просмотры: 491 Печать страницы
«Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларын ұмытпайды»

      2019 жылдың 24 сәуір күні Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларын ұмытпайды» атты кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шараға Еңбек Ерлерінің ұрпақтары, Ескелді ауданының құрметті азаматтары, ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Шараның негізігі мақсаты – Еңбек Ерлерінің халқына, еліне тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін, азаматтық қасиеттерін кеңінен насихаттау арқылы келешек ұрпақтың мәңгілік есінде қалдыру. Шара арнайы шақырылған қонақтарды музей ауласында дәстүрлі арнаумен қарсы алумен басталып, Ескелді аудандық кітапханалар қорынан безендірілген «Ұлылар ұлағаты» атты кітап көрмесі таныстырылды. Кездесу кешінде Еңбек Ерлерінің ұлағатты өмірінен сыр шертетін әңгімелер айтылып, олардың ұрпақтарына көптеген сауалдар қойылды. Шара барысында тақырыпқа сай бейнеслайд көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Тағылымды кездесу соңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің меңгерушісі Шаймуханбетова Гүлшат Ерболғанқызы сөз сөйлеп, кеш қонақтарына алғысын білдірді.