«Сарадай сайраған саңлақтар»

Категория: Новости
Дата: 25.04.2019
Просмотры: 512 Печать страницы
«Сарадай сайраған саңлақтар»

2019 жылдың 23 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған «Сарадай сайраған саңлақтар» атты аудандық жас жазба ақындар мүшайрасы өтті. Мақсаты: ұлттық өнеріміз бен ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, Ақын Сара Тастанбекқызының есімін  кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіру. Жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Іс-шараға Ақсу ауданы бойынша орта мектептерінен 19 жеткіншек қатысып өзара бақ сынасты. Мүшайраның ережесі бойынша «Арнау» атты бірінші кезеңінде жас ақындар ақын Сараға арнауларын арнаса, «Есіңе мені алғайсың» атты екінші кезеңде  ақынның бір өлеңін жатқа оқып шықты, «Білгенге маржан» атты үшінші кезеңде қатысушылар білім деңгейлерін көрсете білді. Мүшайраға арнайы шақырылған жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Республикалық «Қазақ спорты» газетінің меншікті тілшісі - Мәулетхан Барсағазыұлы Ақсанов әділқазылар алқасына төрелік етсе; ақын, «Жетісу» телеарнасының редакторы – Ақбөпе Жиенқұлова; ақын, «Жетісу шұғыласы» газетінің журналисі – Мағрипа Сандуғаш; Қапал ауылдық кітапханасының кітапханашысы – Күләтай Хасенқызы мен ауылдық мәдениет үйінің әдіскері – Айгүл Қожаназарқызы әділқазылар алқасының мүшелері болды. Мүшайра қортындысы бойынша жүлделі орындарды, яғни бірінші орынды Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы Құмарова Шұғыла, екінші орынды Көшкентал орта мектебінің оқушысы Жұматай Ернұр, үшінші орынды Жансүгіров орта мектебінің оқушысы Мұхтарбекқызы Елнұр еншіледі. Жеңімпаздар марапатталып,  бағалы сыйлықтарға ие болды.