
25 сәуір күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Саурық батыр ауылындағы Саурық батыр орта мектебінде "Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы" атты жылжымалы көрме өтті. Көрмеге Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, картиналар мен кітаптар апарылды. Барлық оқушыларға экскурсия жүргізілді