«Өлеңнің өрен жүйрігі»

Категория: Новости
Дата: 26.04.2019
Просмотры: 381 Печать страницы
«Өлеңнің өрен жүйрігі»
2019 жылдың 25 сәуір күні Алматы облысының мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасы және М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты облыстық байқау өтті.Жыр Құлагері – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық әлемін таныту мақсатында өткізілген іс- шараға облысымыздың жалынды жастары қатысты.
Алматы қаласынан ақынның немересі Ф.Жандосова және келіні Қ .Қаңтарбаева облыстық байқауға арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірсе, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншілері әсерлі әндерімен көпшіліктің көңілінен шықты.
Төрт кезеңнентұратын байқаудың бірінші «Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін» кезеңінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жатқа білу, «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» кезеңінде бір немесе екі шумақ өлең шығару, «Жырдың жарық жұлдызында» ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толық білу, «Талантқа тағзым» кезеңіндеқатысушылар ақынға арнаған өз өлеңдерін оқыды.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша Бас жүлдені Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгері М.Турдахун, І орын-Ақсу ауданы, Қарасу негізгі орта мектебінің оқушысы А. Бекболатқызы, ІІ орын -Сарқан ауданы, Черкасск орта мектебінің оқушысы А. Амангелді, ІІІ орын- Панфилов ауданы, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгеріН. Кадырова еншіледі. Сонымен қатар, ынталандыру және ұрпақтарының атынан арнайы тағайындалған жүлде табысталып,байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.