26 сәуір күні Алматы облысы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Аяулым» жекеменшік бөбекжай-балабақшасына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертегілер елінде» атты арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеде Жетісудың аң-құстары туралы мәліметтер ертегі желісінде айтылды. Шара сергіту сәтінен басталып, аң-құстардың ерекшеліктерін қимыл арқылы көрсетіп, олардың дыбысталуы туралы бүлдіршіндер қайталап отырды. Сондай- ақ бүлдіршіндерді қызықтыру мақсатында жұмбақ ойыны ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндерге әрі пайдалы, әрі қызықты болғандығы соншалық, балалар үшін өте жақсы демалыс пен тосын сый болды.