2019 жылдың 26 сәуір күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде, бүгінгі рухани жаңғыру кезеңіндегі ұлтымыздың асыл-мұратына айналған өресі биік өркениетіміздің құндылықтарын, ата-бабаларымыздың мирас еткен ұлы мұрасын таныту мақсатында "Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту" тақырыбында семинар өтті. Шараға тарихшылар, жас өлкетанушылар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолына алтын көпір болған өлкеміздегі Көктам, Ақтам, Бақанас, Бояулы, Ағашаяқ, Қарамерген сынды көне қалашықтарымыздың тарихын, ежелгі керуен жолдары салған сауда байланысы арқылы өркениетіміздің, діни және мәдени дәстүрлеріміздің дамуы мен сол кезеңдегі ғажайып жетістіктеріміз жайлы мағлұматтар беріліп, құм астындағы құндылықтарымыз, ашық аспан астындағы мұражайлар қасиетті орындар мен киелі жерлерге құрылған көрме ұйымдастырылды.
Пресс-центр
"Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту"
Категория: Новости | |
Дата: 26.04.2019 | |
Просмотры: 358 | Печать страницы |