«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат»

Категория: Новости
Дата: 29.04.2019
Просмотры: 387 Печать страницы
«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат»

27 сәуір күні «Жетісу көктемі» атты дәстүрлі форум Жетісудың жауһарының бірі, тамылжыған табиғатымен ерекшелетін келісті Кеген ауданы, Саты ауылында ұйымдастырылды. Форумға келген қонақтарға аудандық тарихи-өлкетану музейі  «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының директоры Ерлан Жүніс, «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қалмахамбет Мұқаметқали, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы Башбаев, аудан әкімі Талғат Ескендірұлы Байедилов және аудан тұрғындары, өңіріміздің аудан, қалаларынан келген жастар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.Жас тілші-әдебиетшілерді бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыруды мақсат тұтып отырған бұл форум жаңа бастамаларға серпін береді деген ойдамыз.