«Киелі жерге тағзым»

Категория: Новости
Дата: 29.04.2019
Просмотры: 462 Печать страницы
«Киелі жерге тағзым»

Ү.ж. 29 сәуір күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  №1 Қабанбай орта мектебінің ұжымымен бірігіп «Жолаушы и К» ЖШС-нің  басшысы Қ.Қожабековтың қолдауымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жерге тағзым» атты Алакөл ауданының киелі орындарына  танымдық экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция  мақсаты:  өлкенің тарихымен таныстыру; Туған жерді сүюге тәрбиелеу.Экспедиция  бағыты    Аңырақай шайқасының 270 жылдығына орай орнатылған ескерткішінен бастап, Тоқболат батыр, Есім  төре кесенелері  және «Борша шайқасы» өткен жерлерді қамтыды. Шара барысында аталған орындарға байланысты мәліметтер беріліп, өлке тарихына байланысты аңыздар айтылды. Экспедиция мүшелері бұл шарадан жақсы әсер алды.