Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты мерекелік іс-шара өткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Шараның мақсаты – халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушыларды патриотизмге, елін -жерін сүюге және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Аталмыш шараға Алдабергенов ауылдық округ мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен Байысов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар арасында «Тапқыр достар» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, өлеңдер оқылып, әуелеген ән шырқалды. Соңында қонақтарға музей бойынша арнайы экскурсия жүргізілді.