"Бір шаңырақ астында"

Категория: Новости
Дата: 01.05.2019
Просмотры: 437 Печать страницы

2019 жылдың 30 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырауымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты музей сағаты өтті. Шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қатысты. Бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзге этностық ұлт өкілдерінің Қазақ Еліне қоныс аудару себептері мен тарихы туралы мағлұмат берілді. Е.Жайсаңбаев мектебінің  мұғалімі Арай Жолдасқызы оқушыларды береке мен бірлікке шақырып, Қазақстанның бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет екенін айтты.